Қаржаубай Нұрымов інісі Нұрқанаттың өлімі жайлы өз пікірін айтты.
Руслан Өтепбайға берген сұхбатында Қаржаубай інісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін және ондай қадамға апаратын ешқандай себеп болмағанын айтты. Сонымен қатар, өзі де дәрігер екенін, қызмет бабымен суицид жасағандарды көп көргенін және інісінің жағдайы ондай әрекетке барған адамға мүлде ұқсамағанын айтты.
– Сол уақыттарда маған көп адам хабарласты. Елді алаңға шығарайық деді. Мен бірден бас тарттым. Елдің бүлінгені маған керек емес, бастысы дұрыс тергеу мен әділ сот болса болды, – деді Қаржаубай.