Солтүстік Қазақстанда туған әпкесін балағаттаған тұрғын сотталды

Солтүстік Қазақстанда туған әпкесін балағаттаған тұрғын сотталды
Туғаны мас күйде жанжал шығарғанда әйел адам дереу полицияға шағымданған.

Петропавлда 41 жастағы қала тұрғыны Николай Емельянов ішімдікке тойып алып, үйінде жанжал шығарған. Кейін бірге тұратын туған әпкесін балағаттап, ауыр сөздер айтқан. Сол үшін ол заң алдында жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Туғаны мас күйде жанжал шығарғанда әйел адам дереу полицияға шағымданған. Себебі, бұл бірінші рет емес екен. Айыпталушының ісі бойынша сот жария түрде қаралды.

Аталған іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденді.

«Николай Емельянов 10 күнге қамауға алынсын», – деді Петропавл қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дамир Шамуратов.

Айыпталушы да өз кінәсін мойындады. Ол енді мұндай іске бармайтынын жеткізді.