Атырау облысында қамыс өртке оранды

Атырау облысында қамыс өртке оранды
Атырау қаласынан 37 км қашықтықта шамамен 7 гектар аумақта өрт сөндіру жалғасуда, – деп хабарлайды aikyn.kz.

13 маусымнан бері жалпы 805 гектарды қамтыған бірнеше өрт ошағы сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖМ мен табиғи резерваттың күштері жұмылдырылған. ТЖМ авиациясы өртке 33 рет су төккен.

Бұған дейін «Ақ Жайық» табиғи резерваты аумағында 600 гектар алаңда қамыс өртенгенін жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.