170 қонақ келді: Аша Матай отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді

170 қонақ келді: Аша Матай отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді
Айтуынша, 65 жасқа толған әкесі бұл туралы мүлде білмеген.

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әкесіне тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, 65 жасқа толған әкесі бұл туралы мүлде білмеген.  Қуанышты сәт жайлы ол Instagram парақшасында жариялады.

«65 жасқа толған әкеміздің туған күніне арнап оған үлкен тосынсый жасауды шештік. Бұл ерекше күнді есте қаларлықтай ету үшін әкеміздің достарын, сыныптастарын, курстастарын, аға-жеңгелерін, іні-қарындастарын, туыстарын шақырдық. Ол бұл жайлы мүлде білмеді. Ол шын мәнінде таңданып, қуанып қалды. Бәріміз бірігіп жасаған мерекелік кешіміз өте керемет өтті», – дейді Аша Матай.

Туған күн иесі залға кіріп келгенде оны 170 қонақ ду қол шапалақпен қарсы алған.

Әнші бұл кеш отбасы үшін ұмытылмас естелікке айналғанын айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.