Татарстандағы “Шахед” дрондарын өндіретін зауытқа шабуыл жасалды

Татарстандағы “Шахед” дрондарын өндіретін зауытқа шабуыл жасалды
Украина ақпарат көздерінің жазуынша, бұл нысан ел аумағына, әсіресе энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға соққы жасауға арналған дрондарды шығару, сынау және ұшыру үшін пайдаланылған

15 маусымда Украина Қарулы Күштерінің арнайы операциялар күштері Ресейдің Татарстан республикасындағы Елабұға қаласында орналасқан "Шахед" дрондарын шығаратын зауытқа соққы берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz Бұл туралы Украина Қорғаныс күштерінің Бас штабы хабарлады.

Униан порталының мәліметінше, Елабұға тұрғындары аспандағы жарылыстарды естіген, ал алдын ала болжам бойынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) іске қосылған. Кейбір деректерде дронның сынықтары қала маңына құлағаны айтылады. Украиналық және ресейлік ақпарат құралдары зауыт маңынан қара түтін көтерілген видеоларды жариялады.

Украина ақпарат көздерінің жазуынша, бұл нысан ел аумағына, әсіресе энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға соққы жасауға арналған дрондарды шығару, сынау және ұшыру үшін пайдаланылған