Түркістан облысында заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды
Түркістан облысында браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

16 адамнан құралған топ Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында аса ірі көлемде балық аулап, сатумен айналысқан. Яғни, бірі балық ауласа, енді бірі тасымалдаушы, тағы бірі сатушы болған. Кейбірі бұған дейін осындай қылмыстары үшін сотталғаны белгілі болды.

Олардан 1 тоннадан астам балық, 12 қайық пен қозғалтқыш  тәркіленді. 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар алынды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асады. Қазір іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.