Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Бұған дейін Қазақстан тарихында дзюдошы қыздар әлем чемпионатының финалына дейін жетпеген.

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

48 келі салмақта сынға түскен Әбиба Әбужақынова ақтық сында рейтингте бірінші орында тұрған италиялық Ассунто Скуттодан жеңіліп, күміс жүлде алды.

Айта кетейік, бұл – тарихи жетістік. Бұған дейін Қазақстан тарихында дзюдошы қыздар әлем чемпионатының финалына дейін жетпеген. 

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.