Мағжан Шамшадин дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Мағжан Шамшадин дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Мағжан Шамшадин Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/4 финалына өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 60 келіге дейінгі салмақта Бельгия өкілі Йорре Верстратенмен кездесті.

Нәтижесінде Мағжан бір ұпай айырмашылығымен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Сондай-ақ 48 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Әбиба Әбужақынова да ширек финалға жолдама алды.