Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Үндістанда 242 жолаушы мінген Air India әуе компаниясының ұшағы тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлады.

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Бұған дейін  Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 133 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.