Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогының жартылай финалына өтті

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар кубогының жартылай финалына өтті
Ұлттық құрама Филиппинмен кездесті. 

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Вьетнамның Ханой қаласында өтіп жатқан Орталық Азия Ұлттар кубогының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама Филиппинмен кездесті. Нәтижесінде, қазақстандық волейболшылар 0:3 есебімен (21:25, 15:25, 19:25) жеңіліп қалды.

Нәтижесінде, Қазақстан B тобында екінші орын алып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Ал филиппиндік команда топта бірінші орын иеленіп, жартылай финалға шықты.