Қыз жасауы: 3 пәтер, Mercedes көлігін берді

Қыз жасауы: 3 пәтер, Mercedes көлігін берді
Қалыңмал ретінде қыз жағы 10 миллион теңге сұраған.

Әлеуметтік желіде қыздың жасауын әкелген құдалардың видеосы желі қолданушыларын таңғалдырды. Қалыңдықтың төркіні жігіт жаққа үш пәтер мен Mercedes көлігін жасаудың бір бөлігі ретінде ұсынған, – деп хабарлайды Aiqyn.kz сайты Аnyqtime.kz Telegram арнасына сілтеме жасап. 

AMP

Бейнежазбада қыздың жасауына үш пәтер берген, оның бәрі белгілі компаниядан сатып алынған.

 – Мерей қызымызға толығымен жабдықталған 1 бөлмелі пәтер. Тағы бір пәтер Шымкенттен, бағасы – 28 миллион теңге. Төлемі толық төленген. Үйдің құрылысы келесі жылы бітеді, кілтін сол кезде береді. Үшінші пәтер Алматыдан, – дейді жасауды таныстырған келіншек. 

Telegram арнасының мәліметінше, толық жиһаздалған үй жасауының алдында тұрған Mercedes көлігі де сыйлаған. Қалыңмал ретінде қыз жағы 10 миллион теңге сұраған. Жігіт жағы да  "құда-құдағи, әке күші, ана сүті, өлі-тірісі бар – барлығын қосқанда 10 миллион теңге қалыңмал береміз" деп құралақан қалмаған секілді.