12 маусымға арналған ауа райы болжамы

12 маусымға арналған ауа райы болжамы
Бүгін күн ысып, кейбір өңірлерде жел күшейеді.

Қазгидромет синоптиктері Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келіп, жаз айларына сәйкес жылы ауа райын қалыптастырады деген болжам жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Алайда фронтальды жүйелердің ықпалы да сақталады. Солтүстік өңірлерде күндізгі уақытта термометр бағаналары 25-33 градусқа дейін, ал оңтүстікте 30-38 градусқа дейін көтерілгенімен, жаңбыр мен найзағай болады, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, – делінген хабарламада.

Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың көп бөлігінде күн күркірейді. Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ елде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік — батыста тұман күтілуде. 16 аймақта қатты жел мен өрт қаупіне байланысты дауыл туралы ескерту жарияланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.