Түркістанды көгалдандыру бағытындағы жұмыс жандана түсті

Түркістанды көгалдандыру бағытындағы жұмыс жандана түсті
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков облыс орталығындағы жасыл аймақты аралап, көгалдандыру жұмыстарының барысын көрді.

Жаңа әуежай бағытындағы жол бойына орналасқан алқап көктемде 8 мыңға жуық көшетпен толықтырылған. 

Учаскеде тамшылатып суару жүйесіне түгендеу жүргізіліп, істен шыққандарын ауыстыру қолға алынған. Құбырларды реттеу, арықтарды тазалау бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы тексеріліп, жауаптылардың жұмысы сараланды. 

AMP

Мұндағы 11 шақырымға созылған жасыл белдеу 7 сусорғы (насос) арқылы суғарылады. Жас көшеттердің топырағын тыңайтып, қосымша суғаруға 5 трактор бекітілген. 

Өндірістік парк төңірегіндегі жасыл желектердің жағдайы да мамандардың бақылауында. Бұл аймақ су таситын кезекші көлікпен қамтылған. 

AMP

Жаңа әуежай тасжолының бойындағы екпелерге су жеткізу мәселесін шешу үшін учаскенің шығыс-солтүстік жақ бетінен жасанды тоған салынып, суды жинайтын арнайы бассейн орнатылған. Су 3 орталық сорап арқылы тамшылатып суару жүйесіне жеткізіледі.

Нұрбол Тұрашбеков жасыл желектерді баптауға жаз мезгіліне арнайы кесте бекітіп, кезекшілік түзуді тапсырды. Сондай-ақ ағаштарды суғару уақытына өзгеріс енгізу қажеттігін де ескертті.

Назгүл НАЗАРБЕК, Түркістан облысы