Электротакси тараздықтарды тасымалдайды

Электротакси тараздықтарды тасымалдайды
Бүгінде еліміз цифрлық дәуірге қарышты қадам жасауда. Іс-құжаттардан бастап, қауіпсіздік саласына дейін цифрланып жатыр. Жаһандық жаңғыру көшінен жамбылдықтар да шет қалмауда. Әулиеаталықтар, тіпті электромобильдік таксимен қатынауға мүмкіндік алып отыр.

Бүгінде еліміз цифрлық дәуірге қарышты қадам жасауда. Іс-құжаттардан бастап, қауіпсіздік саласына дейін цифрланып жатыр. Жаһандық жаңғыру көшінен жамбылдықтар да шет қалмауда. Әулиеаталықтар, тіпті электромобильдік таксимен қатынауға мүмкіндік алып отыр. 

Жаңа жобаны «ЮгайЮгТакси» жеке кә­сіпкерлігі жүзеге асырды. Құны 1,5 мил­­­лиард теңгені құрайтын жоба аясында күні кеше облыс орталығына 20 электро­мо­биль жеткізілді. Алдағы уақытта олар­дың саны 100-ге дейін артады деген жос­пар бар. 

Экологиялық таза көліктерді сал­та­натты қарсы алу шарасына Тараз қала­сы­ның әкімі Бақытжан Орынбеков қа­ты­сып, бұл бастама экономикаға оң әсер етіп қана қоймай, қоршаған ортаны қор­ғауға да қосар үлесі орасан екенін  ба­са  айтты.  

– Электромобильді такси паркінің ашы­луы – тек көлік саласындағы жаңа­лық қана емес, экономика мен экологияға тың серпін беретін озық қадам. Элект­ро­мо­биль­дер – заманауи технологияға не­гіз­дел­ген, экологиялық жағынан таза, энер­гия­ны үнемдейтін көлік түрі. Бұл бас­тама ауа сапасын жақсартуға, көмір­қыш­қыл га­зының таралуын азайтуға сеп бо­лады. Со­нымен қатар қалалық көлік инф­ра­құрылымын жаңғыртуға және тұр­ғын­дар­дың жайлы әрі қауіпсіз қоз­ға­лы­сын қам­тамасыз етуге де мүмкіндік ту­ғы­зады. Эко­номикалық тұрғыдан алғанда бұл жоба – инвестиция тартудың, жаңа жұ­мыс орындарын ашудың, сонымен қа­тар инновациялық технологияларды ен­гізудің нақты үлгісі. Жергілікті кадр­лар­ды даяр­лау, қызмет көрсету сапасын арт­тыру, сер­вистік инфрақұрылымды да­мыту ар­қылы біз шаһардың әлеуметтік әлеуетін де арттырамыз, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Аталған көліктер бір қуатталғанда ша­мамен 500 шақырымға дейін жүре ала­ды. Қазір шаһар аумағына арнайы қуат­тау стансаларын орнату үшін жер те­лімдері қарастырылып, «Даму» кә­сіп­керлікті дамыту қоры арқылы қолдау көр­сетілмек. Ал электромобильді так­си­мен қатынау құны нақтыланбаған. Ба­ғасы электро такси қызметі «Яндекс так­си» бағдарламасына енгізілгеннен кейін белгілі болады. 

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы