"Қазгидромет" РМК 10 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай ойнайды, күндіз 36 градус ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 10 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 10 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында, солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 10 маусымда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 10 маусымда кей уақыттарда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар. Өскеменде 10 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің күндізгі екпіні 15-18 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда да 10 маусымда жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да 10 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. Қостанайда 10 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады. 10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қаупі, өңірдің солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с. 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады. 10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 10 маусымда кей уақытта найзағай ойнайды. Қонаев қаласында 10-12 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.