Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Олимпиада чемпионын жеңді

Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Олимпиада чемпионын жеңді
70 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Абылайхан Асахужа Муйдинхужаевпен (Өзбекстан) кездесті.

Абылайхан Жүсіпов Нидерландтағы Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

70 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Абылайхан Асахужа Муйдинхужаевпен (Өзбекстан) кездесті. Жекпе-жек алғашқы раундта қабақ жарылған себебімен тоқтатылды.

Кездесу қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды. Есеп: 3:2.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.