Автобус апатынан зардап шеккен қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді

Автобус апатынан зардап шеккен қыздың отбасына 4 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасына елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады.

Осыған дейін зардап шеккен отбасына көрсетілетін өзге де қолдау шаралары туралы хабарланған болатын.