Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде жүлдегер атанды

Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде жүлдегер атанды
Анастасия өзінің үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан ірі Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды.

Анастасия өзінің үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.