Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Болгария президенті Румен Радевті қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Болгария президенті Румен Радевті қарсы алды
Астанаға ресми сапармен келген Болгария президентін салтанатты қарсы алу рәсімі туралы Ақорда мәлімдеді.

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

AMP

AMP