Қазақстанның ең сұлу боксшысы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады (видео)

Қазақстанның ең сұлу боксшысы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады (видео)
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген отандасымыз Балауса Мұздыман кезекті жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды aikyn.kz.

Балауса Мұздыман сегізінші кездесуін Мысыр боксшы Ая Рамаданға қарсы өткізіп, нокаутпен аяқтады.

Жекпе-жек Алматыда өтті. Алғашында бұл кездесу "Алматы Аренада" All Stars Boxing кеші аясында өтуі тиіс болған. Алайда ұйымдастырушылар кештің кейінге шегерілгенін хабарлады. Соған қарамастан басқа промоутерлік компанияның қолдауымен жекпе-жек өткізілді.

Мұздыман жекпе-жекті сенімді бастады. Қарсыласына еш мүмкіндік бермей, басымдықпен шабуылдады. Екінші раундта-ақ жеңісті өз пайдасына шешті. Бұл – оның кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісі және қатарынан бесінші нокауты саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.