Алматыда ер азамат автобусқа орындық алып кіріп, кезекті аялдамаға дейін отырып барған

Алматыда ер азамат автобусқа орындық алып кіріп, кезекті аялдамаға дейін отырып барған
Жолаушының неге бұлай жасағаны белгісіз.

Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде белгісіз азаматтың қоғамдық көліктегі әрекеті түсірілген видео жарияланды,  – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Кадрдан ер адамның автобусқа өзімен бірге орындық алып кіріп, оған өзі отырған. Бейнежазбаның нақты қашан және қай жерде түсірілгені  айтылмаған. Оған қоса, жолаушының бұндай әрекетті неліктен жасағаны белгісіз.

Желі қолданушылары оның әрекетін әртүрлі түсінген.

«Сатып алып келе жатқан шығар», «Бос орын толып тұр ғой», «Жастардан орын сұрай бермей, таксимен жүре берсеңдерші. Жастар да жетісіп жүрген жоқ. Оқитыны оқып, жұмыс істейтіні жұмыс істеп шаршап жүр» деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qara Almaty (@qara_almaty)