«Яндекс таксидің» көлігін кірпішпен сындырған келіншек қамауға алынды

«Яндекс таксидің» көлігін кірпішпен сындырған келіншек қамауға алынды
Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Шымкентте әлдебір әйелдің «Яндекс такси» көлігін сындырып, бүлдірген сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен.  Бейнежазбада көлік терезелерін кірпішпен сындырғанын көруге болады. Әйелдің неге мұндай әрекетке барғаны беймәлім.

Қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты хабар таратты. Департамент мәліметінше, көлікті бүлдірген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деп жазған хабарламада.