Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова сотталушылардан ешқандай өкініш байқамағанын айтты. Керісінше, олар Шерзаттың отбасы мен адвокаттарына қоқан-лоқы жасаған.
– Сот біткен күннің өзінде ата-аналары да бізге атылып, сотталушылар да терезені ұрып, қоқан-лоқы көрсетіп, "Бізді шықпайды деп ойлайсыңдар ма?" деп жатыр. Болашақта кім болса да, қандай жағдайда да ата-ана бала-шағасын уайымдайды. Мынадай жағдай болмасын, ешкімнің баласы бұлай өлмесін. Бірақ, мына кісілер әлі күнге дейін ешқандай жазаны мойындап тұрған жоқ, істеген нәрсені уайымдап тұрған жоқ. Өкініш те жоқ. Бұлардың бізге қарап күліп тұрғаны өкінішті білдірмейді деп ойлаймын. Тікелей біздің өмірімізге қоқан-лоқы жасап жатыр. Біздің қорғаушыларымызға да сол нәрсені жасап тұр. Ата-аналары да солай жасады, – дейді Перизат Нұрымова журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы жаңа баспанаға ие болған еді. Олар қиын кезеңде қолдау көрсеткен қазақстандықтарға шексіз алғыс айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.