Елордада тағы бір тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Елордада тағы бір тұрғын үй кешенінде өрт шықты
Оқиға түскі уақытта болған.

Астанадағы Сарайшық ауданы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Sensata Plaza тұрғын үй кешенінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға түскі уақытта болған. ТЖМ күштері мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп, өрт толықтай сөндірілді.

– Нақтыланған ақпарат бойынша тұрғын үй кешенінің кабельдік шахтасында 1-12 қабаттардағы 36 шаршы метр аумақта электр сымдарының сыртқы қаптамасы және 5 шаршы метр аумақта жертөледе жиналған жиһаз өртенген. Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен 4 адам құтқарылды, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.