Сотталушылар Шерзат Полаттың отбасына 135 миллион теңге төлеуге міндеттелді

Сотталушылар Шерзат Полаттың отбасына 135 миллион теңге төлеуге міндеттелді
Бүгінгі кезекті сот отырысында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды.

Шерзат ісі бойынша сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптарымен кінәлі деп танып, қатал үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Келтірілген моральдық шығынның есебіне Абзал Шынасылдан 60 миллион теңге, Сакиевтен – 45 миллион теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 миллион теңге өндірілді.

Кәмелет жасқа толмаған Ысқақ Думанға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Шерзатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды, қалғандары 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.