Бүгінгі кезекті сот отырысында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шерзат ісі бойынша айыпталушы деп танылған Азамат Маратбекұлы Тоқтаубаев Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін жымқыру) мен кінәлі деп танылып, оған ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
ҚК 58-бабының 3,6 бөлігіне сәйкес Қылмыстық-құқықтық жиынтығы бойынша Алматы облысы, Талғар аудандық сотының 2024 жылғы 17 қазандағы үкіммен Тоқтаубаевқа Қылмыстық кодекстің 106-баптың 2-бөлігінің 7-тармағымен тағайындалған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын, өтелмеген мерзімін ішінара қосу жолымен Азамат Маратбекұлы Тоқтаубаевқа түпкілікті 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Шерзат ісі: Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шерзат Полатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.