Астана LRT рельсінің 50%-ы төселді

Астана LRT рельсінің 50%-ы төселді
Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды – бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50%-ы, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

City Transportation Systems-тің мәліметінше, шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскеде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары негізгі нысандар – «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр.

– Қазір барлық құрылыс және инженерлік жұмыстар қалыпты режимде атқарылуда. Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр, – делінген ақпаратта.

Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.