Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына өтті

Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына өтті
Жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Данилина жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының ширек финалында бірінші нөмірлі жұп – чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.