Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамына нақты тапсырма берді

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамына нақты тапсырма берді
Мемлекет басшысы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты. Бұл туралы Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.