Өрт салдарынан қаза тапқан бес баланың отбасына облыс әкімі барды

Өрт салдарынан қаза тапқан бес баланың отбасына облыс әкімі барды
Батыс Қазақстанның әкімі қаза тапқан балалардың отбасына барып, көңіл айтқан.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданының Жымпиты ауылына барып, қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін айтылғандай, облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасына қажетті басқа да көмектерді көрсетуге қолдау білдіреді, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.