Тәп-тәтті тілек

Тәп-тәтті тілек
Елордадағы 92 мектеп пен 13 қосымша білім беру орталық оқушылары бір мезетте Әнұран орындады. Оған қоса, «Отан қорғаушылар» монументі алдында 100 оқушы күй тартты.

Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымындағы 10 мыңнан астам бала бір мезетте Әнұранды шыр­қап, рухты көтерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – отансүйгіш жас ұрпақ тәрбиелеп, оларды мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға үйрету. 

Рәміздер күніне орай Алматы ауданы әкімі­нің аппараты «Алтын домбыра» өнер мекте­бінің негізін қалаушы Ибрагим Ескендірмен бірлесіп, 100 оқушының қатысуымен сал­танатты флешмоб ұйымдастырды. 

Жас­ өнерпаздар «Көк Тудың желбірегені» мен «Отан қымбат» әндерін бірыңғай хормен орындап, «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін тартты.

Сондай-ақ қаладағы №3 балалар музыка мектебінде флешмоб өтіп, 40-қа жуық оқушы патриоттық ән орындап, би биледі. Ұлт құндылығын дәріптеуге үйрететін іс-шара көпке ұнады. Мектеп ұжымы игі бастаманы дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. 

Айбике Жанасыл