Батыс Қазақстандағы 5 баланың қазасы: өрт сөндірушілер оқиға орнына қанша уақытта барған?

Батыс Қазақстандағы 5 баланың қазасы: өрт сөндірушілер оқиға орнына қанша уақытта барған?
Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапқан. 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД 112 пультіне Сырым ауданы Жымпиты ауылында Сағырбаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құтқарушылар жеткенде үйде 30 шаршы метр алаңда жеке заттар мен жиһаздар жалындап жанып жатқан.  

Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапқан. Өкінішке қарай, балалар ауруханада қайтыс болды.

– Өрт толығымен сөндірілді. Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Шақырту орнына ТЖД басшылығы, зерттеу сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологі  аттанды, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.