Батыс Қазақстанда бес бала өрттен қаза тапты

Батыс Қазақстанда бес бала өрттен қаза тапты
Бес бала өрттен қаза тапты.

Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында үй өртеніп, үйде қалған бес бала жанып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт бүгін сағат 15:03-тер шамасында болған. 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, үйдегі заттар мен жиһаз өртенген. Өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.

Өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан балаларды үйден алып шығып, жедел жәрдемге тапсырған. Жедел жәрдем аудандық ауруханаға бес баланы жеткізді. Бірақ балаларды құтқара алмады. 

Өртеніп кеткен бес баланың үлкені 5 жаста болса, ең кішісі 2 жаста болған.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы