Оңтүстік Кореяда қазақ қызының мәйіті табылды

Оңтүстік Кореяда қазақ қызының мәйіті табылды
Әйел Оңтүстік Кореяның Кимхе қаласында тұрған.

Оңтүстік Кореяда қазақ қызының мәйіті табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz korea_komek Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әйел Оңтүстік Кореяның Кимхе қаласында тұрған.

1982 жылғы Қазақстан азаматы саябақта өзіне қол салды. Ол бұл елге 2017 жылы келіп, кәріс азаматына күйеуге шыққан. Екеуі заңды некеде. Балалары жоқ. F-6 визасы болған (неке визасы). Полицияның мәліметінше, отандасымыз үйіне жақын орналасқан саябақта 25 мамыр күні сағат 3-тер шамасында өзіне қол салған. Марқұмның денесін сол жерде жүрген кәріс азаматы таңғы 5-тер шамасында көріп қалып, құзырлы органдарға хабарлаған. Келіншектің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Марқұм әйел ислам дінін ұстанған. Соған қарамастан күйеуі біле тұра, кремация жасаған. Яғни, мәйітін өртеп жіберген. Полиция бұл іс бойынша толық тергеу жұмыстарын аяқтады. Марқұмның денесін елге жеткізу бойынша елшілік құжаттарды дайындаған,  дейді korea_komek Instagram аккаунтындағы видео авторы.