Қазақстандық теннисші Германияда өткен турнирде сенсация жасады

Қазақстандық теннисші Германияда өткен турнирде сенсация жасады
Қазақстандық теннисші әлемнің бұрынғы үздік ондығына кірген теннисшіні жеңді.

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olipmpic.kz-ке сілтеме жасап.

Евсеев бұл кезеңге шығу үшін әлемнің бұрынғы үздік ондығына кірген испаниялық Пабло Карреньо Бустамен кездесіп, сенсациялық жеңіске жетті.

Матч екі сетке созылып, Евсеев екеуінде де 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Енді 1/8 финалда қазақстандық теннисші Перу өкілі Игнасио Бусемен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.