ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Қызылорда-Жаңақорған-Қызылорда бағыты бойынша медициналық авиация желісімен жаңа туған қыз баланы тасымалдау бойынша рейс орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұшу медициналық бригаданың қатысуымен жүзеге асырылды.
Экипаждың ұшуын әуекемесінің командирі Назель Нұрғалиева басқарды, екінші ұшқыш – Бейсенғали Туғизбаев.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында пациент мамандандырылған медициналық мекемеге сәтті жеткізілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.