Желбірейді Көк байрақ! «AMANAT» партиясының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акциясы

Желбірейді Көк байрақ! «AMANAT» партиясының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акциясы
Желбірейді Көк байрақ! «AMANAT» партиясының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған акциясы аясында елімізде бүгін мыңдаған Ту ілінеді.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «AMANAT» партиясы Орталық аппараты ғимаратының қасбетіне көлемі 24х12 метрді құрайтын мемлекеттік алып Ту ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

AMP

Партия белсенділерінің бастамасымен жүзеге асырылған «Менің елім – менің Туым» акциясы ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аспан түстес Көк байрақ бостандықты, бейбітшілік пен бірлікті бейнелейді. Сондай-ақ ол азаматтардың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриотизмге үндейді.

AMP

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы төрт жыл қатарынан «Менің елім – менің Туым» республикалық акциясын өткізуде. Соның аясында ел аумағында мыңдаған Ту ілінуде.