Шерзат Полат ісі: судья Ержан Жанұзақов кім?

Шерзат Полат ісі: судья Ержан Жанұзақов кім?
Ержан Жанұзақовтың сот жүйесінде жиырма жылдан астам тәжірибесі бар.

Қоғам назарын аударған Шерзат Полат ісі бойынша өтіп жатқан сот процесіне төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов кім? 

Жанұзақов Ержан Серікқазыұлы – Алматы облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы. Сот жүйесінде жиырма жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолы:

2001-2002 жж. – Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің анықтау бөлімшесінің анықтаушысы;

2002-2004 жж. – ШҚО ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі;

2004-2008 жж. – Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі;

2008-2009 жж. – Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің анықтау бөлімшесінің бастығы;

2009-2010 жж. – Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінің бастығы;

2010-2011 жж. – Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі;

2011 ж. – Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімі бастығының орынбасары;

2011-2014 жж. – Бородулиха аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (ШҚО);

2014-2023 жж. – Алматы облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;

2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Алматы облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметін атқарады.

2025 жылы «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Айта кетейік, Шерзат ісі бойынша бүгінгі кезекті сот отырысында сотталушылар соңғы сөздерін айтты.

Айыпталушы Шыңғыс Белғожаев жәбірленуші тараптың 660 млн теңге талап етіп отырғанына қарсылық білдірді.

Жарыссөзде сотталушы Абзал Шынасыл сотқа арналған сөзін сөйлеп, жәбірленуші тараптан кешірім сұрайтынын айтты.