«Бұл ақшаны 9 адам өмір бақи жұмыс істесек те, таба алмаймыз»: Белғожаев 660 миллион теңге туралы айтты

«Бұл ақшаны 9 адам өмір бақи жұмыс істесек те, таба алмаймыз»: Белғожаев 660 миллион теңге туралы айтты
Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысында сотталушы Шыңғыс Белғожаев жарыссөзде Шерзаттың қазасы жайлы айтты, – деп хабарлайды  Аikyn.kz сайты. 

«Бұл өмірде ешкім мәңгі емес. Барлығымыздың баратын жеріміз – бір. Ажалы келген адам ерте, не кеш емес, тура келген уақытында қайтады. Қамшының сабындай қысқа мына жалған өмірде барлығы қош айтысады. Осы қайғылы оқиғаға біз себепкер болып отырмыз. «Ер жігіт көрмеймін деген жерін үш көреді, жақсы ат баспаған жерін үш басады» дейді. Біздің оқиғамыз да сол сияқты», – деді Шыңғыс Белғожаев.

Ол жәбірленуші тарап 660 млн теңге сұрап отырғанын көп деп айтты.

«Бұл ақшаны осы отырған 9 адам өмір бақи жұмыс істесек те, таба алмаймыз. Сондықтан оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраймыз», – деді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін де Шерзат ісінде Дархан Әскентайдың жарыссөзі жарияланды.