Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты ескерту жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер солтүстікте қатты жаңбыр жауады деп болжайды.

«Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Күндіз солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күшті жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады: түнде 10-17 градустан 8-15 градус жылыға дейін, күндіз 25-30-дан 18-23 градус жылыға дейін.

Шығыста ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 7-18-ден 9-20 градус жылуға дейін, күндіз 22-33-тен 24-35 градус жылуға дейін.

Оңтүстік-шығыста да аздап көтерілуі мүмкін: түнде 5-15-тен 7-17 градус жылуға дейін, күндіз 22-30-дан 25-35 градус жылуға дейін.

Оңтүстік өңірлерде күндіз қатты ыстық күтіледі – 40-42 градусқа дейін.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ведомство ескертуінде «Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту күтілуде делінген.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді: ресми дереккөздерді қадағалау; аса қажетсіз көшеге шықпау; алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.