«Қалаға барудың қажеті жоқ» – ауылда стоматология ашылды

«Қалаға барудың қажеті жоқ» – ауылда стоматология ашылды
Жаңа стоматологиялық қондырғылардың көмегімен енді Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тұрғындары қалаға сабылмай-ақ сапалы әрі заманауи медициналық қызмет ала алады.

Зайсандық жас дәрігер мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр. Мемлекеттің ауылдық өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеруге нақты ықпал етіп отыр. 

Зайсан ауданының тұрғыны, жас стоматолог Мақсұтқан Жеңісхан  «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5% жеңілдетілген несие алып, өз ісін дамытуға үлкен мүмкіндік алғанын жеткізеді.

AMP

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен берілген несие арқылы стоматологияға қажетті жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік алғаныма зор ризашылығымды білдіремін. Бұл – мен үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін үлкен игілік. Осындай мүмкіндіктердің арқасында кәсібімді дамытуға және ауыл тұрғындарына заманауи, сапалы қызмет көрсетуге жол ашылды», – дейді Мақсұтқан Жеңісхан. 

AMP

Жаңа стоматологиялық қондырғылардың көмегімен енді Зайсан қаласының тұрғындары қалаға сабылмай-ақ  сапалы әрі заманауи медициналық қызмет ала алады. Бұл шалғай өңірлерде жиі кездесетін медициналық қолжетімсіздік мәселесін шешеді деуге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.