Сырқаттанып қалған Төреғали Төрәлі біраз уақыттан кейін төбе көрсетті (видео)

Сырқаттанып қалған Төреғали Төрәлі біраз уақыттан кейін төбе көрсетті (видео)
Төреғали Төрәлінің тыңдарманы оны көргеніне қуанғанын айтып, амандығын тіледі.

Денсаулығына байланысты бірнеше қаладағы концертін кейінге шегерген әнші біраз уақыттан кейін төбе көрсетті, - деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші қарындасы Фариза Төреәліні Астанадағы жаңа қонысымен құттықтап келген.

«Құрметті қонақтарымыз келіп, қуанышымызды бөлісті», – деп жазды Фариза Төреәлі.

Ол отбасының дастарқан басында отырған видеосын жариялады. Төреғали Төрәлінің тыңдарманы оны көргеніне қуанғанын айтып, амандығын тілеп жатыр. 

«О, Төреш, аман екеніңе шүкір», «Кірген сәтте-ақ үй іші жылып кеткендей болды», «Ақ Төрештің төрде жүргенін қалайтындар қатарынанбыз. Аман жүрсін!», «Төрештің әнін де, өзін де сағындық қой», – деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.