Quartz сайтының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz, марафон ұйымдастыратын үздік қалалардың тізімін жариялайды.
Марафон саламатты өмірдің көрінісіне айналып, танымалдығы өсуде. Бүгін де Астанада Astana Half Marathon жартылай марафоны өтті. Кезекті спорт мерекесіне 30 елдің 8000 өкілі қатысқан.
Жалпы жыл сайын бүкіл әлем бойынша миллионнан астам адам марафон жүгіруге қатысады. АҚШ қалаларында да марафондар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Бірақ қай қалалар марафон өткізуге ең қолайлы?
Бұл сұраққа жаһандық мобильдік қызметтерді ұсынатын SIXT компаниясы жауап іздеген. Нәтижесінде АҚШ-тағы марафоншылар үшін ең үздік 10 қаланы анықталған. Рейтингті жасау барысында компания келесі факторларды ескерген: жыл сайын өткізілетін марафон саны; жергілікті жүгіру клубтарының көптігі; марафонның орташа уақыты; жарысқа дейін және одан кейін немен айналысуға болатыны; спорттық киім дүкендерінің саны; қонақүйлердің сапасы.
«Бұл бағыттар жаңа жүгірушілерді алғашқы мәресіне жетуге, жеке рекордтар орнатуға және жол бойындағы көрікті жерлерден шабыт алуға көмектеседі», – деп мәлімдеген SIXT өкілдері.
Төмендегі тізімдегі қалалар жүгірушілерді қабылдау қабілеті бойынша жоғары баға алған.
10. Сан-Франциско, Калифорния
9. Вентура, Калифорния
8. Филадельфия, Пенсильвания
7. Капаа, Гавайи
6. Милуоки, Висконсин
5. Окленд, Калифорния
4. Винтер Парк, Флорида
3. Нью-Йорк
2. Лас-Вегас, Невада
1. Окала, Флорида
Жылдан жылға марафонға қатысқысы келетіндер үшін Қазақ елінің қалалары да қолайлы жағдайлар жасауда. Марафонды ұйымдастыруда спорттық инфрақұрылымның жақсы деңгейі мен спорт сүйер қауымға ыңғайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Мұндай қалаларда жүгірушілер тек жарысқа қатысып қана қоймай, сонымен қатар туристік әсер алып, жақсы демалады. Марафон – бұл спорт қана емес, сонымен қатар денсаулық пен шабыт, жаңа жеңістер жолы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.