Алматы облысында құтқарушылар тұрғын үй ауласынан табылған жыланды ұстады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Талғар ауданы Панфилово ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан жылан табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына Қонаев қаласынан жедел-құтқару жасағының мамандары жіберілді. Құтқарушылар 70 шақырым жол жүріп, жыландарды аулауға арналған арнайы құралдың көмегімен бауырмен жорғалаушыны ұстап алды.
– Залалсыздандырылған жылан елді мекеннен алыс қауіпсіз аумаққа жіберілді. Қазіргі уақытта тұрғындар өміріне ешқандай қауіп жоқ, – деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз