Дипломатиялық миссия өкілдері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған митинг-реквиемге қатысты

Дипломатиялық миссия өкілдері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған митинг-реквиемге қатысты
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Бұл – қазақ халқының жүрегінде өшпес із қалдырған зұлмат жылдардың қасіретін ұмытпай, сол бір қасіретті кезеңде өмірі қиылған ата-бабаларымыздың рухына тағзым ететін күн. Аштықтан, зорлықтан, әділетсіздіктен зардап шеккен миллиондаған адамның тағдыры – біздің ұлттық жадымыздың ауыр беттері.

AMP

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған митинг-реквиемге Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың елшісі Алешка Симкич және 21 елдің дипломатиялық миссиясының өкілдері қатысты. Эстония, Финляндия, Латвия, Литва, Нидерланды, Польша, Португалия, Испания, Швеция, Хорватия, Чехия, Франция, Германия, Венгрия, Словакия сынды елдер бар. Әрбір мемлекет гүл шоқтарын қойып, 1 минуттық үнсіздік жарияланып, құрбандарды еске алды.

AMP

Мұнда әртүрлі мемлекет Қарағанды лагерьлерінде тұтқында болған өз азаматтарына ескерткіш белгілерін орнатқан. Шаңырақ тәрізді жасалынған ескерткіш те бар – ол қарағандылықтардың қазақ жерінде жан тапсырған саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатқан еске алу белгісі.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.