Бүгінгі валюта бағамы: бір доллар – 510,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны: 6,51 теңге. Еуро – 578,59 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды айырбастау 512 теңге болса, сатып алу бағамы – 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы – 577, сату құны – 582.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 514 теңге, сатып алу құны – 508 теңге. Еуро 576 теңгеден сатып алынып, 583 теңгеден сатылып жатыр.
Ресей рублі 6,35-6,53 аралығында саудалануда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.