Келешегі зор ынтымақтастық

Келешегі зор ынтымақтастық
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік­менстан Президентіне іл­типат білдіре отырып, оның бі­­­рінші «Орталық Азия – Ита­лия» сам­митіне қатысуы мем­ле­кетаралық көп­қыр­лы қарым-қа­тынастарды одан әрі іл­­гері­лету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

– Екі ел арасындағы ынты­мақ­­тастықты да­мытуға баса мән береміз. Экономикалық бай­ланыстарда нақты нәти­же­лерге қол жет­кіземіз деп есеп­тей­­мін. Басқа да сала­лар бойын­ша, әсі­ре­се, мә­де­ни-гу­ма­ни­­тар­лық ба­ғытта ықпалдастық қар­қын­ды да­мып келеді. Күн тәр­ті­бін­де­гі жобаларды жү­зеге асыруға қос тарап та күш жұмыл­ды­ра­ты­нын ескерсек, өзара тиімді қа­рым-қатынастың келешегі зор, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қа­зір Астана мен Ашхабад ара­сын­дағы ынтымақтастық өр­кендеп, көптеген негізгі са­ла­­ларда оң ди­на­мика бай­қа­ла­ды.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қо­нақ­жайлық танытқаны және «Ор­талық Азия – Италия» сам­ми­тін та­быс­ты өткізгені үшін ал­ғыс айтты.

– Орталық Азия елдері мен Ита­лия жо­ғары деңгейдегі осын­­дай форматта тұң­ғыш рет ке­ліс­сөз жүргізіп отыр. Саммит қо­рытындысы мемлекеттеріміз арасын­дағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне се­нім­­дімін, – деді Түрікменстан Пре­зиденті.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Халк Мас­лахатының Төрағасы Гурбангулы Бер­ді­мұ­ха­медовке ыстық ықыласын жол­дап, оның жауапты қыз­ме­тіне толағай табыс ті­леді.