WTT Youth Contender: Жәния Бекмұхамбетова үшінші орынды иеленді

WTT Youth Contender: Жәния Бекмұхамбетова үшінші орынды иеленді
Үстел теннисінен Ташкентте WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Онда  қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады. 

Спортшы төрт кездесуін сәтті өткізіп, жартылай финалға дейін жетті. Өкінішке қарай, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол турнирдің қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз