Елдегі үздік жүз мектептің тізімі жарияланды

Елдегі үздік жүз мектептің тізімі жарияланды
Бағалау барысында тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сондай-ақ бірнеше әлеуметтік факторлар да ескерілген.

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы ең үздік 100 мектептің тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тізім орта білім беру сапасына жүргізілген кешенді бағалау негізінде жасалған.

Бағалау барысында тек академиялық көрсеткіштер ғана емес, сондай-ақ бірнеше әлеуметтік факторлар да ескерілген:

  • білім сапасын сырттай бағалау нәтижелері;
  • PISA және PISA for Schools халықаралық зерттеулеріне қатысуы;
  • білім жетістіктерін мониторингтеу деректері;
  • мұғалімдердің біліктілігі мен оқушылардың жетістіктері;
  • инклюзивті білім беру сапасы;
  • мектеп ішіндегі микроклимат пен тәрбие беру ортасы;
  • мектептердің экологиялық, ғылыми және әлеуметтік жобаларға қатысуы.