«Меккеге жолдама беремін деп алдайтындарды он орады»: танымал блогер кәсіпкер Тұрсын Алагөзовті мақтады

«Меккеге жолдама беремін деп алдайтындарды он орады»: танымал блогер кәсіпкер Тұрсын Алагөзовті мақтады
Блогер мұны нағыз сауапты іс деп санайтынын атап өтті.

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзовке алғыс білдірді,  деп жазды Aikyn.kz. 

Блогер мұны нағыз сауапты іс деп санайтынын атап өтті.

"Тұрсын Алагөзовтің бір-ақ күнде 100 пәтерді бұрқ еткізгені нағыз жаңалық болды. Жігітке тән қасиет, жасай берсін, Жұмағұл! Дақпыртып, елдің бәрін жинап алып, "Ойбай мен пәтер беремін" демей-ақ, жайлап барып шақырып, бере салды. Міне, нағыз жігіт! Құдай-ау, 100 бірдей адамның жыртығы жамалды ғой?! Бөлісе алатын байлар көбейсін! Меккеге жолдама беріп жатады ғой, алдайды-сулайды, артынан жылатады. Соны он орап алады ғой. Сол жаққа барып келгенде не табасың? Үй-күйі жоқ қаншама адам бар. Нағыз сауаптың қайда екенін мына кісі біледі. Адамның ең кереметі ұлтына, тіліне, дініне қарап бөлмей, адам ретінде қарап, құрмет көрсетуі  адамның ең кереметі. Ол қараған жоқ, еден жуа ма, неше жылдан бері жүргізуші ме? Оның ұлты орыс па, қазақ па? Діні қандай? Тілі қандай? Ол тек жақсылық жасады, жарайсың!" – деді блогер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.